Семейде жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін іздестіру жұмыстары барысында Бобровка саяжай алабы маңындағы Ертіс өзенінің жағасынан қыздың денесі табылған. Мәйіттің із-түссіз жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен екені белгілі болды.

«Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өзендегі су деңгейінің жоғары болуына байланысты осыған дейін бұл жерді тексеру мүмкін болмаған. Қыздың денесін еріктілер тауыпты.

Естеріңізге сала кетсек, 3 мамыр күні үйден шыққан 2000 жылғы қыздың сол күйі қайтып оралмағаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар