+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Семейде жер үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды

2021 жылғы 4 мамыр 12:05
Бөлісіңіз:
Семейде жер үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да көктем шыққалы бері 72 дала өрті тіркелді Рудный қаласында жеке үйде болған өрт салдарынан ер адам қаза тапты ШҚО-да жыл басынан бері 70-тен астам көлік отқа оранған

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Торайғыров көшесінде орналасқан барак үлгісіндегі екіқабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Тілсіз жау үйдің қабырғасына, шатырдың ағаш конструкциялары мен шаруашылық қора-жайларға жайылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жеткен.

«Көп ұзамай жалпы аумағы 50 шаршы метрді құраған қызыл жалын ауыздықталды. Өртті өз бетімен сөндірмек болған 1966 жылғы тұрғынның қолын термиялық күйік шалған. Оған жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, тілсіз жау қоқыс жағудың кесірінен шыққан. Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT