Семейде жер үйден өрт шығып, 3 адам зардап шекті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жер үйде шыққан өрттің жалпы аумағы 130 шаршы метрге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқиға 12 сәуір күні сағат 19.27-де болған.

«Өрт сөндірушілер жеткенше отқа оранған жер үйдің көршілері 4 адамды сыртқа алып шыққан. 1960 жылғы үй иесі денесінің 15%-ын үшінші дәрежелі күйік шалды. Қазір ол аурухаға жатқызылған. Ал оның 1988 жылғы қызы мен 2008 жылғы немересіне иіс тиген. Дәрігерлердің алғашқы көмегінен кейін олар ауруханаға барудан бас тартты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өрттің жалпы аумағы 130 шаршы метрді құраған. Тілсіз жаудың шығуына электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отты абайсыз пайдалану себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, жыл басынан бері Семейде 103 өрт оқиғасы орын алып, 5 адам көз жұмған.


Соңғы жаңалықтар