Семейде жер телімін заңсыз иеленген 6 адамның ісі сотқа жіберілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жер телімін заңсыз иеленген 6 адамның ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінде жер комиссиясының кезекті отырысы өтіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды. Барлығы 140 өтініш берілсе, оның 122-і жер учаскелерін алуға қатысты болып отыр. Сондай-ақ өтініш білдіргендердің арасында жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгерткісі келетіндер де кездесті.

Комиссия қорытындысы бойынша 132 өтініш мақұлданды. Алайда ешкімге жаңа жер телімдері берілмеген. Тек бұрын алынған жерге қосымша учаскелер бөлінді.

Отырыста 8 өтініш қанағаттандырылмады. Мұндағы себеп – адамдардың тиісті құжатсыз жер учаскесін өз бетінше иеленуі. Осындай 6 факті бойынша іс сотқа жіберілген.

Айта кетейік, бүгінгі таңда шаһар бойынша жер кезегінде 24 мыңға жуық азамат тұр.


Соңғы жаңалықтар