Семейде жер алуға кезекте 23 мыңнан астам адам тұр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жер алуға кезекте 23 мыңнан астам адам тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов мәлім етті.

«Көп жағдайда жер учаскелерін бермеудің негізгі себебі – жеке тұрғын үй құрылысы үшін қажетті инженерлік коммуникациялардың болмауы. Соңғы бір жылда жер үй салу үшін 48 жер учаскесі берілген. Сонымен қатар «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жергілікті ЖШС-лардың бірі 10 жер учаскесін алған. Бүгінде онда 10 үй бой көтерді», - деді ол.

Бұдан бөлек, бірқатар жер учаскесі 2022 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін резервке алынған.

«Өткен жылдан бастап мемлекеттік мүліктер реестрінің веб-порталында жер учаскелерін жалға алу құқығын сату бойынша бес электронды сауда өтті. 119 жер учаскесі қойылып, оның 76-ы сатылған. Сату құнының жалпы сомасы 220,1 млн теңгені құрады», - деді Құдайберген Сейілханов.


Соңғы жаңалықтар