Семейде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты 15 сәуір күні сағат 23.00-де Шығыс кентіндегі Усть-Каменогорская және Алтыншы линия көшелері қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігіне «Toyota» автокөлігі жол бермей, басып озып кетпек болған. Жол апаты нәтижесінде жедел жәрдем көлігінде отырған 5 адам зардап шекті. Оның ішінде науқас бала да бар. Барлығы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір 42 жастағы жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, жол апаты бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жедел жәрдем көлігі науқас баланы ауруханаға әкеле жатқан.

«Жүргізушінің үстінен ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608 бабының 3 тармағы бойынша іс қозғалды. Жол-көлік апаты бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр»,-деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Соңғы жаңалықтар