+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Семейде жаяу жүргіншілер жолағында ер адамды көлік қақты

2021 жылғы 24 маусым 17:56
Бөлісіңіз:
Семейде жаяу жүргіншілер жолағында ер адамды көлік қақты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада мотоцикл тізгіндеген 48 жастағы жүргізуші мерт болды СҚО-да жүк көлігі полицейлердің бақылау бекетіне соғылды Таразда автокөлік қаққан велосипедші қайтыс болды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 23 маусымда түнгі уақытта Бозтаев көшесінде болған.

«Анықталғандай, Mercedes маркалы автокөлікті тізгіндеген шаһар тұрғыны реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші дене жарақаттарын алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға барудан бас тартқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО полицейлерінің бір айда 37 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтағандығын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT