Семейде жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан адамды көлік қақты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 28 қаңтар күні Семейдегі Қабанбай батыр мен Герцен көшелерінің қиылысында болған.

«Сағат 15:30 шамасында Audi маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан адамға жол бермей, қағып кеткен. Соның салдарынан дене жарақатын алған жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар