+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Семейде жатақханада өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды

2020 жылғы 13 тамыз 12:26
Бөлісіңіз:
Семейде жатақханада өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 100 гектар дала мен 350 тоннадан астам шөп өртенді Павлодарда көрші тұрған екі үй өртенді Оралда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 тамыз күні кешке өрт сөндіру бөліміне бесқабатты жатақхананың үшінші қабатындағы балкон өртеніп жатқаны туралы хабарланды.

«Балкондағы түтінді көрген бірінші қабаттың тұрғыны бірден 101-ге қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер лезде оқиға орнына аттанды. Жеке заттарды, жиһазды, терезе мен есікті шарпыған тілсіз жаудың жалпы аумағы 5 шаршы метрге жеткен», - делінген ведомство мәліметінде.

Өрт сөндірушілер үй иесінің ұлын сыртқа алып шықты. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында жатақханадан 75 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25 бала бар. Қызыл жалынның шығу себебі – мас күйде темекі шегуден немесе отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT