Семейде жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 15 қаңтарда Семейде Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «А» деген азаматты ұстап, УҰИ-ға қамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 кг «а-PVP» психотроптық заты, 50 кг синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар