Семейде жас қыз он күннен бері іздестіріліп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 18 жастағы семейлік Зарина Григоренко із-түссіз жоғалып кетті. Ол он күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бойжеткен 19 мамыр күні таңертеңгі сағат 8:45 шамасында жоғалған. Ол үйінен шығып, педагогикалық колледждегі оқуына келуі керек болған. Алайда қыз оқу орнына келмеген. Содан бері одан хабар жоқ.

Заринаны көргендер немесе ол туралы ақпарат білетіндер болса 8 747 349 57 17, 8 747 063 53 13 немесе102 телефондарына хабарласса болады.

Соңғы жаңалықтар