Семейде жанып жатқан пәтерде қамалып қалған үш адам құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерде қамалып қалған үш адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға жақында Семей қаласындағы 5-қабатты тұрғын үйде болған. 1-қабатта орналасқан пәтердің ағаштан жасалған жиһаздары, жеке заттары және кіретін есігі жанған. Тілсіз жау бірнеше секундта пәтерді шарпыған. Соның салдарынан 88 жастағы үй иесі 22 жастағы немересімен бірге пәтерден шыға алмаған. Терезелерінде тор орнатылған.

«Өрт туралы хабар түстен кейін түсті. Біздің өрт сөндіру бөліміміз сол жерден 4 шақырымда орналасқандықтан, оқиға орнына 6 минутта барды. Кіретін есік құлыптаулы болған, пәтер тұрғындары көмек сұрап айғайлап жатты. Біздің өрт сөндірушілеріміз терезедегі торды алып, әжесі мен немересін көшеге алып шықты. Үй иесінің айтуынша, залдағы диванда оның 55 жастағы ұлы болған. Өрт сөндірушілер ішке кіріп, оны да алып шықты», - деп түсіндірді ӨБ-46 бастығының орынбасары Ержан Жұмабеков.

Жедел жәрдем 55 жастағы азаматты газ иісінен улану және мас күйде болу белгілерімен жансақтау бөліміне жатқызды. Әжесі мен немересінің жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Өрт сөндірушілер өртті бір сағатта ауыздықтады. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт отты абайсыз қолдану салдарынан немесе мас күйде темекі шегу кезінде шығуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 100 жағдай тіркелген. Өрт сөндірушілер өрт кезінде 67 адамды құтқарып қалған.

Соңғы жаңалықтар