Семейде жаңажылдық отшашу болмайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл жаңажылдық отшашу атылмайтын болды.

«Семейліктер мен қала қонақтарын жергілікті шығармашылық ұжымдардың Жаңа жыл мерекесіне арналған концертіне шақырамыз. Шара орталық және М.Әуезов атындағы алаңда өтеді. Осы жылғы мерекелік бағдарламада дәстүрлі отшашу жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, концерт 31 желтоқсан күні сағат 22:00-ден 01:00-ге дейін өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды Жаңа жылды тек отбасымен қарсы алуға шақырған болатын.


Соңғы жаңалықтар