Семейде жаңа тарихи және мәдени ескерткіштер анықталуда
Комиссия екі бағытта жұмыс істеді: жаңа тарихи орындарды анықтау және бұрынғы мәдени ескерткіштерді зерттеу.
«Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тоқсан сайын байырғы тарихи-мәдени мұралар мен жаңа анықталған объектілердің құндылығын зерттеп, жылына кемінде бір рет жалпы мониторинг жүргізетін маманды штатқа енгізу ұсынылды. Табылған ескерткіштерді тарихи-мәдени мұра объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізудің орындылығын анықтау керек. Сондай-ақ қазіргі таңда зерттейтін тағы бірқатар ғимарат бар. Комиссия жұмысы ары қарай да жалғасатын болады», - деді комиссия төрағасы Рафаиль Хазипов.
Ал мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина алдағы уақытта аталмыш комиссиямен бірлесе отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді анықтау және сақтау жұмыстары жүргізілетіндігін айтты.