Семейде жаңа көпірдің жобасы таныстырылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа Семей қаласындағы жаңа көпірдің жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі автокөлік көпірі 1964 жылы пайдалануға берілген. Қазір өткел мүшкіл жағдайда.

«Жыл сайын көпірге ағымдағы жөндеу жүргізіліп келе жатқанымен жағдай өзгермейді. Себебі көпір қатты тозған. Ескі өткелді реконструкциялап, оны жаяу жүргіншілер көпіріне айналдыру жайлы шешім қабылданды. Сондай-ақ жақын жерде көлік қозғалысы үшін жаңа көпір салынады», - делінген ақпаратта.

Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевқа жаңа көпірдің жобасы ұсынылды. Өткелдің ұзындығы 0,9 шақырымды құрайды.

Төрт жолақты көпірдің жалпы ұзындығы – 1 350 метр. Оның ішінде автожолдың ұзындығы – 540 метр, көпірдің ұзындығы – 810 метр.

Көпірді қайта салу жұмыстары 2022 жылы басталады. Мердігерлер нысанды 2025 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр.


Фото: facebook.com/AbaiOblysynynAkimdigi



Соңғы жаңалықтар