Семейде жаңа көпір салынбақ
2021 жылғы 21 мамыр 15:50

Семейде жаңа көпір салынбақ

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 2024 жылға қарай жаңа көпір салынады. Ал ескі көпір жаяу жүргіншілер үшін қайта жасалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.

«Әуелде ескі көпірдің тіректерін қалдыру жоспарланған болатын. Аралық құрылымды ауыстырғанмен, тіректердің су асты бөлігін қарастырған кезде көпірдің жүк көтергіштігі мен қызмет ету мерзіміне әсер ететін ақаулар анықталды. Осылайша, жақын жерде жаңа көпір салу туралы шешім қабылдадық. Ал ескі көпір жаяу жүргіншілер үшін қайта жасалады. Онда веложол салынып, жылу желілері жүргізіледі. Жоба әзірленіп, қазір сараптамадан өтуде. Сараптамадан соң, республикаға өтінім береміз», – деді ол.

Жаңа көпір құрылысы 2 жылға жоспарланған. Яғни, 2024 жылға қарай қалада жаңа көпір пайда болады.

«Аспалы көпірге келетін болсақ, онда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда жапондық компания көпірге зерттеу жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша асфальтбетон жабынын жөндеу бойынша қажетті шаралар қабылданады», - деді Нұрымбет Сақтағанов.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT