Семейде жаңа ақпараттық медиахолдинг ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Abay Media Group» медиахолдингі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ақпараттық ұйымның басшысы болып Мирас Малғаждаров тағайындалды. Ол осыған дейін Өскемендегі «Шығыс Ақпарат» ЖШС басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«Abay Media Group» ЖШС құрамына abaiaqparat.kz, abaynews.kz, semeynews.kz интернет порталдары, «Semeystan», «Типичный Семск», «Semey Life», «Semey Public», «Semey 24», «АБАЙ АҚПАРАТ» сынды интернет жобалары кіреді. Сондай-ақ, «Content analytics», IT жобаларды құрастыру және басқару, мобилография саласын дамыту бөлімдері мен «Әлеуметтік талдаулар жүргізу орталығы» бар.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың ақпан айында «Шығыс Ақпарат» медиахолдингінің басшысы болып Досжан Омархан тағайындалғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар