Семейде жалған ПТР-тест анықтамасын қолданған ер адам сотталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жалған ПТР-тест анықтамасын қолданған 32 жастағы ер адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жалған ПТР-тест анықтамасын қолдану фактісін анықтады. Семей қаласының 32 жастағы тұрғыны өзі жұмыс істейтін кәсіпорынға кірерде қолдан жасалған құжатты қолданған.

«Белгілі болғандай, азамат белгісіз біреулерден шаһардағы зертханалардың бірінің атынан ресімделген теріс нәтижесі бар тестті үш рет сатып алған. 32 жастағы күдіктінің бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша (көрінеу жалған құжатты пайдалану) сараланды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Тергеу амалдары аяқталған соң іс қалалық сотқа жетті. Сот үкімімен ер адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар