Семейде зейнеткердің атына млн теңге несие алған алаяқ ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында алаяқ зейнеткердің атына несие ресімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 73 жастағы қарт кісі танысының өз атына несие алғанын жеткізді. Зейнеткердің айтуынша, әңгімеге тартқан алаяқ жеке деректеріне қол жеткізген.

«Осының салдарынан жәбірленушіге 1 300 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Көп ұзамай күдікті анықталды. 48 жастағы жергілікті тұрғын полиция бөлімшесіне жеткізілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар