Семейде заңсыз жұмыс істеген 10 өзбекстандық бес жылға елден қуылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында заңсыз жұмыс істеген 10 өзбекстандық елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Мигрант» жедел алдын алу шарасын жүргізіп жатыр.

Соның барысында көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы ретте уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарын анықтауға баса назар аударылып отыр.

«Семей қаласында жеке кәсіпкердің көпқабатты үй құрылысында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 10 азаматы анықталды. Кәсіп иесіне аталған құқық бұзушылық бойынша 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал шетелдіктер сот шешімімен ел аумағынан шығарылады», – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Енді шетелдіктерге 5 жыл бойы Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар