USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Семейде заманауи полиция бекеті ашылды

2020 жылғы 23 маусым 14:58
Бөлісіңіз:
Семейде заманауи полиция бекеті ашылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында заманауи учаскелік полиция бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы трагедиясы: Бренд киімдер дүкенін тонаған 3 күдікті ұсталды Қызылорда облысында төтенше жағдай режимін бұзған 44 адамға айыппұл салынды Мейірім Нұрсұлтановтың ең үлкен жекпе-жегінің датасы ауысты

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция бекеті Қарағайлы ықшамауданындағы тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жалпы ауданы 100 шаршы метрден асатын ғимараттың техникалық жабдықталуы заманауи талаптарға толықтай сәйкес келеді. Ондағы тәртіп сақшылары озық байланыс құралдарымен, кеңсе техникаларымен және компьютерлермен қамтамасыз етілген.

Әр подъездердегі бейнекамералардың жазбалары осы полиция бекетінде тікелей көрсетілетін болады. Мұнда төрт учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор профилактикалық шаралармен айналысады. Полиция бекеті орташа есеппен 24000 адамға қызмет көрсетеді.


«Бұл полицейлердің жұмысына жайлы жағдай жасауға бірден-бір мүмкіндік. Кең әрі жарық бөлмелер көмекке мұқтаж адамдарды қабылдауға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Енді жаңа ықшамауданның тұрғындары алысқа сенделмей-ақ кез-келген мәселелері бойынша учаскелік полиция қызметкеріне жүгіне алады», - дейді Семей қалалық Полиция басқармасының басшысы Мақсат Зекенов.

Айта кетейік, жаңа бекет Қазақстанның полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ашылып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT