Семейде үздік мұғалімдерге құрмет көрсетілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында үздік мұғалімдерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов үздік педагогтарымен кездесіп, кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Мұғалімдер күні – бұл жай ғана кәсіби мереке емес. Білімді ұрпақ, білікті маман тәрбиелеп келе жатқан ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Еліміздің өркендеуіне, қоғамымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Мамандық иелерін мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - деді ол.

Кездесуге қаланың 30 үздік мұғалімі шақырылды.

Олардың арасында педагогиканың еңбек ардагерлері, білім берудің құрметті қызметкерлері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, білім беру үздіктері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық дәрежедегі конкурстардың жеңімпазы болды.

Қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі педагогтың ерекше рөлін атап өтті.

Қонақтарды қаладағы балабақшалар, балалар мен жастар шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері құттықтап, мерекелік кеш ұйымдастырды.


Соңғы жаңалықтар