Семейде үйлерін кәріз суы басқан тұрғындардың шығыны толықтай өтеледі

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында үйлерін кәріз суы басқан тұрғындардың шығыны толықтай өтеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, «Семей Водоканал» компаниясының басшысы Еркен Сағындықов және Семей қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Қымбат Көпбаев аулаларын су басқан Би Боранбай және Широкая көшелеріндегі жер үйлерді тексерді.

«Бүгін Би Боранбай көшесіндегі суларды толық сорып тазалаймыз. Қазіргі таңда 6 үйге су кірген, бірақ үлкен залал келді деуге келмейді. Қазір осыған орай арнайы комиссия құрылды. Комиссия алты үйді аралап тексеріп шығады. Ал су кірген 10 аулаға тексеру ертең жүргізіледі. Содан соң комиссия шығарған шешімге сәйкес тиісті жұмыстарды жүзеге асырамыз. Тұрғындарға келтірілген шығын толық өтеледі. Бұл жағдай менің толық бақылауымда»,- деді шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

Қазіргі таңда кәріз коллекторындағы ақаудың орны анықталды. Оқиға орнында Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары және ТЖБ қызметкерлері жұмыс істеуде. Аулаларына су кірген үйлердің тізімі жасалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салсақ, кеше қаладағы құбыр кәріз дюкері бітеліп қалып, 16 аула мен 6 үйді кәріз суы басып қалған болатын.


Соңғы жаңалықтар