Семейде үйінен кетіп қалған 15 жасар қыз көшеден табылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының полицейлері жоғалған 15 жасар қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полицияға сілтеме жасап.

30 қаңтарда «102» арнасына 34 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 15 жасар қызының жоғалып кеткенін жеткізген. Қыз сол күні үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Аталған факті Әуезов полиция бөлімінде тіркелді. Абай облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің бүкіл жеке құрамы қызды іздеуге кірісті.

Оған 150-ден астам полиция қызметкері мен еріктілер атсалысты.

Іздеу шаралары барысында құқық қорғау органдары жоғалған адам болуы мүмкін жерлерді қарап шықты.

Осы жұмыстың барысында облыс орталығының тұрғыны қыздың шамамен қайда жүргенін айтқан.

Соның көмегімен полиция қызметкері қызды көшеден тапты.

Қазіргі уақытта бала ата-анасының жанында, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар