Семейде үсік шалған 8 адам ауруханаға түсті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей соңғы екі күнде үсік шалған 8 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7-8-ші ақпан күндері қалада ауа температурасының төмендеуіне байланысты үсік шалу салдарынан 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның екеуі бала, 6 және 13 жаста. Біреуінің қолы, екіншінісінің құлағы үсіп, ауруханаға түскен.

«Медициналық көмекке жүгінген ересек адамдардың барлығын екінші және үшінші дәрежеде үсік шалған. Толық медициналық көмек көрсетілген соң, кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді»,-деді Жедел жәрдем стансасы орталығының меңгерушісі Эльвира Гатауллина.

Соңғы жаңалықтар