Семейде үшінші жылу электр орталығы салынады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Семей қаласы және аталған өңірдегі бірнеше мекенде жаңа жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Өңірдің даму жоспары 9 бағыттан тұрады және 102 іс-шараны қамтиды. 2023-2027 жылдары аралығында өңірге тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 1,9 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 515 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 110 млрд теңге және 1,3 трлн теңге жеке инвестиция тарту көзделіп отыр», - деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.

Министрдің мәліметінше, Абай облысының инфраструктурасын дамытуға 22 млрд теңге қарастырылып отыр.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды дамытуда Семейде және басқа да қалалар мен елді мекендерде 3-ші жылу-электр орталығын салынады. Сонымен қатар жылу беру желілері, электрмен жабдықтау және су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұдан басқа, Семей, Аягөз, Курчатов қалаларында кәріз тазарту құрылысы көзделген», - дейді ведомство басшысы.

Бұған дейін Абай облысында 14 мың жұмыс орны құрылатыны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар