Семейде үш жылда 352 көше жарықтандырылады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында үш жылда 352 көше жарықтандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл жалпы ұзындығы 60,6 шақырымды құрайтын 62 көше жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көлік кептелісін азайту мақсатында Шығыс кентіндегі Өскемен көшесі кеңейтілді.

«Семейдегі қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 2021 жылы 25,4%- дан 38,1%-ға дейін ұлғайған. Ал осы жылы жолдардың 50,3%-ы осындай деңгейге жетеді. Сондай-ақ шаһар көшелерін жарықтандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Былтыр 188 көшеде 7 659 жарық шамы ауыстырылды. 2022 жылға жарығы жоқ 100 көшеге 3 295 шам орнату жоспарланған», - делінген ақпаратта.

2023 жылы жарығы жоқ көшелерге 8 600 шам орнатылып, 252 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Осылайша, үш жыл ішінде Семейдің 352 көшесіне жарық орнатылады.


Соңғы жаңалықтар