Семейде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ҚР Президентінің атынан құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Қазақстанда ардагерлерді қолдау жалпыұлттық акциясы өтуде. Бұл шара бірегей және ТМД елдерінде оған ұқсасы жоқ.

Бұл туралы Семей қаласындағы ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарланады.

Акцияның аясында республиканың барлық облыстары, қалалары мен аудандарының әкімдері ардагерлерге жеке барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Мемлекет Басшысының атынан жаңажылдық сыйлықтарды табыстауда. Осылайша, Президенттің құттықтауын республикамыздағы Ұлы Отан соғысының 115 ардагеріне жеткізіледі.

Cемей қаласының әкімі Айбек Кәрімов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау мақсатымен барды.

Бұл игі шара Ахмеровтер отбасына барудан басталды. Отағасы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Ахмеров Ғабдулғазиз Ғайнутдинұлы 114-ші гвардиялық Вена Қызылту құрамында, ІІ және ІІІ-ші украиналық майдандардағы әуе-десанттық дивизияның Суворов орденінің құрамында болып, Батыс Еуропа елдерін фашистерден азат етуге қатысқан.

Одан кейін қала әкімі Петр Михайлович Коломиннің үйіне барды. Бұл адамның жеңіске, біздің бейбіт елде тұруымызға қосқан үлесі шексіз. Петр Михайлович 1943-1945 жылдар аралығында ІІІ-ші Беларусь майданында, Балтық маңында және Германия аумағында соғысқан. Одан кейін Қиыр Шығысқа жіберілген. Оның жауынгерлік еңбегі лайықты бағаланды - оның 20-дан астам медаль жиынтығы бар, соның ішінде 13-і - жауынгерлік наградалар.

Одан кейін Айбек Мұталапұлы кең дастарханын жайып қарсы алған ақсақал Бақы Дайрамұлы Нұрбаевтың отбасымен қауышып, қарияға Президенттің сыйлығын тарту етті. 1943-1945 жылдар аралығында Бақы Нұрбаев Украина майданында соғысқан еді.

Жергілікті билік көздері өкілдерінің құттықтаулары мен алғыс сөздерін естіген соғыс ардагерлері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа оларға бөлген көңіл мен жалпы өткізіп отырған саясатына ризашықтарын білдірді. Бейбітшілік, достық, өзара түсіністік - халқымыздың негізгі құндылықтары екенін айтты.

Еңбек демалысында жүрсе де, Семей қаласындағы ардагерлердің көбі жастарына қарамастан өскелең ұрпақтың тәрбиесіне белсенді атсалысып жүргенін атап өту керек.

Соңғы жаңалықтар