Семейде ТЖД қызметкерлері өзен ортасында тұрып қалған жылқыларды құтқарды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде ерекше құтқару операциясы жүзеге асырылды. Ертіс өзені арнасына түсіп кеткен жылқылар жағаға шыға алмай қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

30 желтоқсан күні Төтенше жағдайлар департаментіне Семей қаласының тұрғыны хабарласып, 6 бас жылқысы Ертіс өзенінің арнасынан шыға алмай тұрғанын хабарлаған.

«Өзендегі су толық қатпаған, сол себепті жылқыларға мұз үстімен жету мүмкін емес еді. Жылқы иесі құтқарушылардан көмек сұрады. Құтқарушылар «Лиман» арнайы киімін киіп, өзен арнасынан шыға алмай тұрған жылқылар аштан өліп қалмасы үшін шөп жеткізіп берді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Су бетіндегі мұз қатқан соң жылқы иесі жылқыларын өз ауласына қарай алып кете алады. Дәл қазіргі уақытта жылқыларға қауіп төніп тұрған жоқ.

Авторы: Руслан Шақабаев


Соңғы жаңалықтар