Семейде түтін тұмшалаған пәтерден қаршадай 4 бала құтқарылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көк түтін басқан пәтерде қалған 4 баланы алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семей қаласында ата-аналары жұмыстарымен сыртқа кеткенде 6 айлық және 2, 4, 6 жастағы төрт ұл пәтерде қараусыз қалған.

Электр машинасын қуаттағышқа қойған балалар кенеттен тырс еткен дыбысты естіді. Қысқа тұйықталудың салдарынан пәтер ішін лезде түтін тұмшалап алды. Сол кезде көршілер түтін иісін сезіп, құтқарушыларға хабар берген.

«Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Көпқабатты үй алдына автосатыны қойып, 3-қабаттағы пәтерге терезе арқылы кірді. Өрт сөндірушілер балаларды дереу далаға алып шықты. Олардың денсаулықтарына ешқандай зақым келмеген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар