Семейде түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған екі адам ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОВ-156/15 түзету мекемесі аумағында жедел және тәртіп бөлімі мен Ұлттық ұлан қызметкерлері патрульдеу кезінде екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында олардан скотчпен оралған түйіншек тәркіленді.

«Оның ішінде өткір иісі бар өсімдік тектес зат пен 34 500 теңге көлемінде ақша жатқан. Күдіктілер Семей қаласының тұрғындары болып шықты. Олар тыйым салынған заттарды мекеме қоршауынан лақтырмақ болғанын мойындады», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша Полиция басқармасының тергеу-жедел тобы шақыртылып, заттарды тәркілеу актісі жасалды. Заттар сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Сондай-ақ ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол түрмеге 4 бөтелке алкогольді ішімдік пен ұялы телефон кіргізбек болған. Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады.



Соңғы жаңалықтар