Семейде тұрғын үйде болған өрттен зейнеткер құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 4 желтоқсан күні Семей қаласындағы жекеменшік тұрғын үйде өрт сөндірушілер иіс тию белгілерімен 67 жастағы үй иесін анықтады.

Зейнеткер ауруханаға жеткізілді, қазіргі кезде оның жағдайы қанағаттанарлық.

Өрт кезінде шатырдың құрылысы, үйдің қабырғалары, терезелері және есіктері, жиһаз, жеке заттар өртенген, деп хабарлады ШҚО ТЖД-інен.

Тілсіз жау cағат 18:30-да ауыздықталып, 20:47-де толық сөндірілді. Оның шығуына электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау себеп болған. Жалынды сөндіруге ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар