Семейде тұрғын үй өртеніп, 15 адам эвакуацияланды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы Гете көшесінің бойында он қабатты тұрғын үйден түс кезінде өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші қабаттың балконында ағаш бөлшектер, терезе блогы, жиһаз және басқа да заттар жанған. Өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйдің 15 тұрғынын эвакуациялаған, оның алтауы – бала.

Өрт алты шаршы метр аумақты шарпыған. Отты абайсыз пайдаланғаннан шығуы мүмкін деген болжам бар.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар