Семейде түнде лифтіде қалып қойған адамдар құтқарылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде түнде лифті тоқтап, сонда қалып қойған адамдар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 28 мамырда түнгі үштер шамасында болған. Рысқұлов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің лифті 6-қабатқа жеткенде бұзылып, ішінде 4 адам қалып қойған.

Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетіп, лифтінің есігін ашқан. Оның ішіндегі адамдар құтқарылды. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. 

Фото: kanal24.az

Соңғы жаңалықтар