Семейде туған ұлын өлтірген әке сотталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде өз ұлын пышақтап өлтірген 56 жастағы ер адам 10 жылға сотталды.

Оқыс оқиға маусым айында болған. Әкесі мен ұлы әңгімелесіп, бірге ішімдік ішеді. Кейін әкесінің анасы келіп, ұлына бұл әрекетінің дұрыс емес екенін айтып, ескерту жасайды. Бірақ анасының айтқан сөзіне ашуланып, бейәдеп сөздер айта бастаған соң ұлы әкесінен әжесіне айғайламауды сұрайды. Осы кезде масайрап қалған әкесі мен ұлының арасында жанжал шығады. Кикілжің кезінде әкесі ас үй үстеліндегі пышақты алып, көзсіз әрекетке барған.

«Өз ұлын өлтірген ол сот отырысында істеген ісіне өкініп, бұлай жасағысы келмегенін айтты. Сот шешімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы бойынша азамат айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды», - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар