Семейде туберкулезге шалдыққандар саны 1,8 есеге азайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында туберкулезге шалдыққандар саны азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы 5 жыл ішінде шаһар бойынша туберкулезбен ауырғандар 1,8 есеге, ал өлім-жітім көрсеткіші 1,7 есеге азайған. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.

«Қала ауруханаларында туберкулезді ерте баста анықтау бойынша халықаралық стандарттарға сай диагностиканың заманауи әдістері қолданылады. Фтизиопульмонология және оңалту орталығында туберкулезді диагностикалауды жылдамдататын озық инновациялық зертханалар технологиясы енгізілген. Туберкулез уақытылы анықталып, емделсе, онда адам толықтай сауығып кетеді. Профилактика, диагностика және емдеу тегін жүргізіледі», - деді фтизиопульмонология және оңалту орталығының директоры Ерлан Шәкенов.

Сондай-ақ шара барысында Семей қалалық эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шолпан Садықова туберкулезді алдын алудың әдістерін жеткізді.

«Ең басты алдын алу әдісі ол – екпе алу. Азаматтар қаладағы медициналық мекемелерде туберкулезге қарсы екпе салдыра алады. Бірінші екпені жаңа туған балалар дүниеге келгеннен кейін алғашқы төрт апта ішінде перзентханада алады. Бүгінгі күні Семейде жаңа туған нәрестелердің 95,4%-ы вакцина салдырды. Туберкулезге қарсы екпе алған балалар, екпе алмағандарға қарағанда 15 есе аз ауырады және оны жеңіл өткереді, - деп түсіндірді ол.


Соңғы жаңалықтар