Семейде той кортежінің жүргізушілеріне айыппұл салынды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде той кортежінде жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсталған 3 көлік жүргізушісіне 35 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл -  84 175 теңге.

Азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 3 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Ұсталғандардың екеуі «Toyota Camry», үшіншісі «ВАЗ 21099» маркалы көліктерін тізгіндеген.

«Toyota Camry» жүргізушісінің біріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 2-бабы бойынша маневр жасау ережесін бұзғаны жəне көлік құралдары қозғалысына кедергі келтіргені үшін хаттама толтырылды.

Екінші көлік иесіне көлік құралдарының қозғалысына қиындық туғызғаны үшін, ал үшінші көлік жүргізушісіне де жол ережелерін бұзғаны айыппұл салынды», - деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Айта кетсек, бұған дейін Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежі жүргізушілеріне іздеу жарияланып, бір күн өткен соң аты-жөндері анықталған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар