Семейде төрт күн бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында төрт күн бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 тамызда «112» қызметіне қоңырау шалған азамат Семейдегі Ертіс өзенінен ер адамның денесі табылғанын жеткізді. Оқиға орнына дереу келіп жеткен құтқарушылар мәйітті жағаға шығарды.

«Анықталғандай, бұл 8 тамызда жоғалған 30 жастағы жігіт болып шықты. Ол достарымен су жағасында демалып жүріп жоғалып кеткен. Өзен жағасынан оның жеке заттары табылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы уақытқа дейін департаменттің №7 құтқару бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, ер адамның денесі табылмаған еді.


Соңғы жаңалықтар