Семейде тоғызыншы қабаттан секірген 21 жастағы қыз мерт болды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тоғызыншы қабаттан секірген қыз мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 16 ақпан күні Бірінші шағын аудан көшесінде болған.

«102» жедел арнасына хабарласқан азамат белгісіз біреудің 9 қабаттан секіріп кеткенін жеткізді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары қыздың денесін тапқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Семей қалалық ПБ Затон полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігі бойынша өзге ақпараттар жария етілмейді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар