+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Семейде тері-былғары комбинаты жұмысын қайта бастады

2020 жылғы 11 тамыз 19:36
Бөлісіңіз:
Семейде тері-былғары комбинаты жұмысын қайта бастады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Семей тері-былғары комбинатының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық Ақпарат орталығының мәліметінше, 2019 жылы аталмыш комбинат банкротқа ұшыраған болатын. Ал 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап оның жұмысы қайта жанданды.

«Комбинат республикадағы эскпортқа бағытталған тері өңдейтін бірегей нысандардың бірі. Кәсіпорынның құрамында үш зауыт бар. Атап айтсақ, онда тігін, былғары және қой терісін өңдейтін цехтар жұмыс істейді. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында комбинаттың нарықты дайын тері-былғары өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жетеді. 2019 жылдың қараша айында Семей тері-былғары комбинатының жылжымайтын мүлігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның жекеменшік құқығына берілген», - делінген мәліметте.

Алайда кәсіпорын Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту саласында ірі қара мал терісі мен былғары өңдейтін жалғыз өндіруші ретінде маңызды рөл атқарады. Осыған орай, ШҚО әкімдігі ҚР Индустрия дәне инфрақұрылымды дамыту министрлігімен бірлесіп, комбинат жұмысын жандандыру үшін инвестор іздеп, жаңа жұмыс орындарын құруды қолға алған.

2020 жылдың мамырында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ меншік иесі «KustoGroup» халықаралық компаниясымен келісімшарт жасасты. Бүгінгі күні кәсіпорындағы тиісті жұмыстар аяқталып, 3000 шаршы метрден астам дайын өнімнің алғашқы партиясы шығарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT