Семейде телефонын алам деп шұңқырға түсіп кеткен азамат құтқарылды
2020 жылғы 8 қазан 21:24

Семейде телефонын алам деп шұңқырға түсіп кеткен азамат құтқарылды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында шұңқырға құлаған азамат құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 қазан күні сағат 9.55-те «112» нөміріне қоңырау шалған ер адам кәріз құдығына түсіп кеткенін айтқан. Құтқарушылар көмек көрсету үшін бірден сол жерге аттанды.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сағат 10.13-те Семей тұрғынын шұңқырдан алып шықты. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ер адам ауыр жарақат алмаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, азамат қиын жағдайға дәретханаға түсіп кеткен ұялы телефонын алып шығуға әрекеттенген кезде тап болған.

Осы ретте ТЖД жұртшылыққа қандай жағдай болмасын қауіпсіздік шараларын естен шығармау керектігін еске салады.


Jańalyqtar

MURAǴAT