+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Семейде «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» акциясы басталды

2021 жылғы 22 маусым 12:45
Бөлісіңіз:
Семейде «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» акциясы басталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Португалия жұртшылығы Қазақстанмен танысуда ШҚО тұрғындары көмір сапасыздығына шағымдануда ШҚО құтқарушылары «жойқын жер сілкінісіне» дайындалу үшін оқу-жаттығу өткізуде

Қалалық Достық үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» акциясы басталды. Аталған акцияға түрлі салалардың өкілдері қатысуда. Олар дөңгелек үстел барысында мемлекеттің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өз еліне деген мақтаныш сезімдерін жеткізді.

«Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Ол арқылы біз көптеген белестерді бағындырып, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстанның жетістіктерін әркез мақтан тұтамыз. 1993 жылдың басында «Қазақ тілі» ұйымы құрылған болатын. Содан бері тәуелсіз мемлекетте өмір сүру дегеннің не екенін сезініп келеміз. Қысқа мерзім ішінде осындай дәрежеге жеткенімізді мақтанышпен айта аламыз», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Орал Шәріпбаев.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты акция қатысушыларының саны шектеулі болды. Жоба жыл бойы созылып, әлеуметтік желілерде өз жалғасын табады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT