Семейде сыбайлас жемқорлық бойынша 9 адам сотталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 9 адам сотталды. Олардың қатарында полицейлер, кәсіпкерлер мен білім мекемелерінің басшылары бар. Бұл туралы қалалық №2 соттың төрағасы Жанат Әбенова баспасөз мәслихатында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, егер жол полицейі пара алғаны үшін сотқа тартылса, колледж директоры өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иеленгені үшін сотталған. Жазаға кесілген білім мекемесінің басшысы екі мұғалімді шартты түрде жұмысқа қабылдап, олардың айлығын өз қалтасына салып отырған.

«Жемқорлық бойынша сотталғандардың барлығы өз кінәсін толығымен мойындап, өкініп, мемлекетке келтірілген залал есебін толтырды. Осыған байланысты, оларға бас бостандығын шектеу және айыппұл жазасы тағайындалды»,-дейді қалалық №2 соттың төрағасы Жанат Әбенова.

Соңғы жаңалықтар