Семейде суицид жасаған балалардың саны өсті

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында кәмелетке толмағандар арасында жасалған суицид фактілері үшеуге артты. Суицид жасау әрекеттерінің 16-дан 12-ге дейін төмендегені байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты Семей қаласы полиция басқармасының бастамасымен Семей қаласы бойынша білім бөлімінің басшылығы атынан Наталья Анатольевна Фесенко, сондай-ақ жалпы орта білім мекемесінің директорларымен кездесу өтті.

Аталған кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі қаралды.

«Өзіне өзі қол жұмсаудың себептері әртүрлі, негізінен ата-ана назарының жетіспеушілігі, жақын адамын жоғалту, сондай-ақ баланың ғаламторда аниме көрумен әуестеніп кеткені кейін өмірін құртуға себеп болып жатады», - деді жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Бауыржан Нұрмұхамедұлы Садақбаев.

Кәмелетке толмағандардың жасы - 14-17 аралығында.

Өкінішке қарай, жақын адамдары әрдайым жасөспірімнің айналасында не болып жатқанын, мінез-құлқындағы, күнделікті режиміндегі және әдеттеріндегі күрт өзгерістерді байқай бермейді.

Егер бала кенеттен депрессияға ұшыраса, жыласа немесе керісінше кенеттен тым белсенді бола бастаса - бұл «оның жеке өмірінде бәрі жақсы ма?» деген сұрақ төңірегінде ойлануға себеп.


Соңғы жаңалықтар