Семейде суға кеткен келіншектің денесі 3 күннен бері іздестірілуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 42 жастағы қала тұрғыны суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 24 маусым күні сағат 20.00-де қаладағы Бобровка саяжайында орын алған. Ертіс жағасына достарымен бірге демалуға барған 1976 жылғы келіншек суға түскен. Бірақ қайтып жағаға шыға алмай қалған. Демалушылар өз күштерімен оны құтқарып қалмақ болған, бірақ құтқара алмады. Сөйтіп құтқарушыларды көмекке шақырған.  Оқиға орнына келіп жеткен судан құтқару қызметінің қызметкерлері суға батқан әйелдің денесін бүгін үшінші күн іздестіріп жатыр.  

«Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл үшін 2 қайықпен 4 адам жұмылдырылды. Қайғылы оқиға шомылуға арналып жабдықталмаған аумақта болған.  Тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына қарамастан азаматтардың арнайы белгіленбеген жерлерде суға түсуі тиылмай тұр», - деді Семей қалалық судан құтқару қызметінің бас маманы Ринат Мұхтаров.

 

Соңғы жаңалықтар