+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Семейде суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған әскерилер марапатталды

2021 жылғы 26 шілде 18:30
Бөлісіңіз:
Семейде суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарған әскерилер марапатталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалған әскери қызметшілер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ертіс өзенінің жағалауын қайықпен және жаяу патрульдеп жүрген № 68303 әскери бөлімінің қызметшілері суға батып бара жатқан 16 жастағы жігітті құтқарып қалған.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен жасөспірімді ажалдан арашалап қалған әскери қызметшілер марапатталды. Семей қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Ернар Жәлелов Азамат Молдашев, Талғат Көкабаев, Мейір Қазбекұлы және Сағжан Мұхтаровқа өз ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде суға батып бара жатқан жасөспірімді сарбаздардың құтқарып қалғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT