Семейде суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында полицейлер суға батып бара жатқан ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28 мамырда кешкі уақытта 102 жедел арнасына Ертіс өзенінде бөрене үстінде қалқып жүрген ер адамға көмек қажеттігі туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары шұғыл түрде сол жаққа қарай аттанды.

«Полиция лейтенанттары М.Иданов пен Б.Алтынқан судан шыға алмай, батып кетуге шақ қалып жүрген адамды көрді. Лейтенант Иданов еш ойланбастан тапанша және арнайы қаруы бар белбеуді шешіп, суға секірген. Осы кезде лейтенант Алтынқан қызметтік көліктен құтқару шеңберін шығарып, әріптесіне лақтырды. Осылайша, олар қала тұрғынын жағалауға алып шыққан», - делінген ақпаратта.

Сол жерде ер адам алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Содан кейін ол дәрігерлерге тапсырылды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да жоғалып кеткен жеткіншек қараусыз қалған үйден табылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар