Семейде суға батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді сарбаздар құтқарып қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында әскери қызметшілер суға батып бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 шілдеде № 68303 әскери бөлімінің қызметшілері Ертіс өзенінің жағалауын қайықпен және жаяу патрульдеп жүрген. Кенет олар суға құлаған 16 жастағы жігітті қатты ағын алып кеткенін байқап қалды.

«Сағжан Мұхтаров құтқару кеудешесін киіп, өзін арқанмен байлап, көмекке ұмтылды. Қауіпсіздік мақсатында оның әріптестері Азамат Молдашев, Талғат Қоқабаев және Мейір Қазбекұлы арқанды ұстап, қайықпен жүзіп отырды. Сөйтіп олар жасөспірімге жеткен Сағжан Мұхтаровты арқанмен тартып судан шығарды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар