+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Семейде суға батқан қызды құтқарамын деп көз жұмған жеткіншектің ата-анасына медаль берілді

2021 жылғы 30 шілде 13:10
Бөлісіңіз:
Семейде суға батқан қызды құтқарамын деп көз жұмған жеткіншектің ата-анасына медаль берілді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп көз жұмған 14 жастағы жеткіншектің ата-анасына медаль берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды 17 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу Бағдат Мусин «Ашық Алаңда» көкейдегі көптеген сұраққа жауап берді - Ерлан Саиров

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 шілде күні ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Әшімжанов Нұржігіт Қуанышұлы қайтыс болғаннан кейін «Суға батқандарды құтқарғаны үшін»медалімен марапатталды. Марапаттау рәсімін Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ернар Жалелов өткізді. Өз сөзінде ол баланың ата-анасына көңіл айтып, батыр ұлды тәрбиелегендеріне алғыс білдірді.

«Оқиға 30 маусым күні болған. Нұржігіт достарымен Ертіс өзенінің жағасында демалып жүргенде суға батып бара жатқан қызды көріп қалады. Өзі жүзе алмаса да, оны құтқару үшін суға секірген. Жүзіп жетеді де қызды жағаға қарай итеріп жіберді. Осылайша, қыз аман қалған. Алайда Нұржігіттің судан шығуға шамасы жетпеді. Оны есінен танып қалған кезде сол маңдағы куәгерлер алып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жедел жәрдем қызметкерлері келіп жеткен соң жеткіншекке реанимациялық шаралар қолданғанымен, оны құтқару мүмкін болмады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT