Семейде су тасқынынан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің психологтары түнде және таңертең үйлерін су басқан тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-не сілтеме жасап.

Алғашқы сағаттарда азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүгізілді. Себебі, көпшілік тұрғын орын алған жағдайдан абдырап қалған.

«77 ересек, 55 бала және барлығына назар аудару керек. Келіп түскен адамдардың бойында әртүрлі реакция. Агрессия, дүрбелең, қорқыныш, қолбалжу бар. Көпшілігі не істерлерін білмей жылап жатты. Біз әрқайсысымен сөйлесіп, бойына сенімділік ұялатуға тырыстық», - дейді «СПиАСР» ММ психологы Олеся Мухина.

Күні бойы психологтар барлық зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар қосымша көмекке Өскемендегі «Апаттар медицинасы орталығының» дәрігерлер мен психологтары да келді.

Мамандар мен псхологтар бірнеше топқа бөлініп эвакуацияланған тұрғындармен жүздесті. Мазалаған сұрақтарына жауап берді. Көптеген тұрғынды мазалаған «Таңертең жұмысқа қалай барамыз?» деген сұрақ болды. Жергілікті атқарушы билік тұрғындардың жұмысқа жетуі үшін арнайы автобус бөлді.

Қазір тұрғындардың жағдайы қалыпты. Қажетті көмектер көрсетіліп, үш уақыт тамақпен қамтылуда.

Соңғы жаңалықтар